Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM - Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады lada.kz.

Каспий, Кендерли
Фото: primeminister.kz

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.

Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болды.

Екі жер сілкінісінің ошағы да 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Бүгін Ташкент маңызда жер сілкінісі болғанын хабарладық. 

Сейсмологиялық мониторинг республикалық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Ташкент облысындағы Уртачирчик ауданында болған.

Соңғы жаңалықтар