Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
АСТАНА.KAZINFORM - WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Жәнібек таразыда 159,6 фунт (72,3 кг) болды, ал Андрей- 159,9 фунт (72,5 кг) шықты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше баспасөз мәслихатында Жәнібек қарсыласын жеңетініне сенімді екенін, Сиднейде еліміздің байрағын желбіреткісі келетінін айтқан еді.
Айта кетейік, Жәнібек - Андрей жекпе-жекгі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді.
Боксшылар IBF әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Кәсіпқой бокс кешін қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирінен көре алады.
Еске сала кетсек, екі боксшы арасындағы айқас 13 шілде күні Лас-Вегасте (АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда, отандасымыз салмақ қуу салдарынан есінен танып қалған болатын.