Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік көліктерге сараланған жанармай бағасын белгілеуді тапсырды
«Сарапшылардың бағалауы бойынша, күзде елде дизель отынының тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл жағдай жыл сайын егін жинау науқаны кезінде қайталанып келеді.
Үкіметтің негізгі уәжі – жанармайды біздің нарықтан транзиттік көліктер мен көрші елдердің іргелес аймақтарындағы тұрғындар сыртқа әкетуі.
Бірақ, мәселе одан тереңде жатыр – іргедегі елдерге отандық мұнай өнімдерін әкетудің жылдар бойы әбден жолға қойылған схемасы бар. Қаржылық мониторинг агенттігіне осы мәселенің анық-қанығын тексеру керек. Маған бұл мәселемен кім айналысып отырғаны туралы нақты ақпарат ұсыныңыздар. Осыдан кейін түбегейлі шешім шығарамыз», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шекара периметрі бойынша транзиттік көліктерге мұнай өнімдерінің сараланған бағасын әзірлеуді тапсырды.
«Бұл көрші елдермен баға теңсіздігін төмендетіп, өзіміздің азаматтарға арналған бағада көрініс таппайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.