Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
None

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Еске салсақ, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.Кеше ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.



Фото: t.me/aqorda_resmi


Соңғы жаңалықтар