Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Еске салсақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды. Мемлекеттік сапар бүгін де жалғасты. Сондай-ақ екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары туралы толық материалды ҚазАқпарат тілшісі дайындаған шолудан оқуға болады.



Фото: t.me/bort_01