Қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз — Макрон Қытайға ескеру жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Франция президенті егер Бейжің Еуропамен арадағы үлкен сауда тапшылығын қысқарту бойынша қадамдар жасамаса, Еуропалық Одақ «жақын арада» қытай өнімдеріне баж салығын енгізуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Agenzia Nova

«Будем вынуждены принять жесткие меры»: Макрон предупредил Китай
Фото: Agenzia Nova

— Оларға егер жауап бермесе, Еуропа АҚШ сияқты қатаң шара қолданып, қытай тауарларына баж салығын енгізуі мүмкін екенін айттым, — деді Эмманюэль Макрон Қытайға ресми сапарынан оралғаннан кейін «Les Échos» газетіне берген сұхбатында.

Франция көшбасшысы АҚШ әкімшілігінің протекционизмі Қытайдың сауда ағындарын ЕО нарығына бұру арқылы «еуропалық мәселелерді ушықтырып отырғанын» қосты.

— Бүгін біз қақпанға түстік, және бұл еуропалық өнеркәсіп үшін өмір мен өлім мәселесі, — деп мәлімдеді ол.

Макрон Еуропа Қытай инвестицияларын қолдауы тиіс он стратегиялық секторды атады — аккумуляторлардан бастап фотоэлектрлік жүйелерге, литийді қайта өңдеуден робототехникаға дейін.

Елисей сарайының президенті біртұтас еуропалық ұстанымды қалыптастыру «оңай емес» екенін мойындап, Германияның Қытайдағы күшті өнеркәсіптік қатысуына байланысты қарсылығын атап өтті. Ол ЕО бір мезгілде автомобиль өнеркәсібі сияқты осал секторларды қорғауы және «жеңілдету, интеграцияланған бірыңғай нарық, инновацияға инвестиция салу және тиісті ақша-несие саясаты» арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруы керек деген қорытындыға келді.

Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Қытайға төртінші мемлекеттік сапар жасайтынын жазған едік. 

Сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты жеңілдету мен оны қалпына келтіру жұмыстарын қолдау мақсатында $100 млн бөлетінін жаздық.

Си Цзиньпин бұл мәлімдемені Бейжіңде Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесуден соң болған баспасөз-мәслихаты барысында жасады.

Соңғы жаңалықтар