Қатар-2022: Ең жасы үлкен және ең жас ойыншылар кімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика құрамасының қақпашысы Альфредо Талавер Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында ең жасы үлкен ойыншы саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатар-2022: Ең жасы үлкен және ең жас ойыншылар кімдер

Биылғы жылдың қыркүйек айында 40 жасқа толған ол ел құрамасының алдағы ойындарында жасыл алаңға шығуы мүмкін. Оның кәсіпқой деңгейде мансабын бастағанына биыл он тоғыз жылдан асты. 2007 жылдан бері ұлттық құрама жейдесінде 33 кездесуде өз қақпасына 18 гол жіберіп алды.

Жасы жөнінен одан кейінгі орындарда португалиялық Пепе мен бразилиялық Дани Алвес бар. Ал 37-жастағы Криштиану Роналду бұл жөнінен сегізінші орынға жайғасқан.

Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Сондай-ақ, германиялық Юссуф Мукоко 20 қарашада 18 жасқа толып, дүбірлі додадағы ең жас ойыншы болып отыр. Биылғы әлем біріншілігіне 20 жасқа толмаған 18 футболшы келді. Олардың арасында испаниялық Педри, американдық Юнус Муса және ганалық Ибрагим Данлад алғашқы мерейтойын доп додасы барысында атап өтеді.

Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында ең ұзын ойыншы кім екені анықталды.

Ал Жапония жанкүйерлері ойыннан соң стадионды қоқыстан тазартып кетті.

Сондай-ақ, Англия - Иран матчы әлем чемпионатында ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді.


Басты фото: championat.com