Қатар-2022: Оңтүстік Кореяның бас бапкері қызметінен кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері Паулу Бенту қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Португалиялық маман командасы 1/8 финалда Бразилиядан 1:4 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін орнын босататынын мәлімдеді.

«Болашақ туралы ойлауға тура келеді. Брақ ол Корея құрамасы ойыншыларымен байланысты емес. Футболшылар мен оңтүстіккорея федерациясының президентіне кететінім туралы айттым. Бұл шешім қыркүйек айында қабылданған. Мен ойыншыларға алғыс айтқым келеді. Олар қолдан келгеннің бәрін жасады, кореялықтардың бапкері болғаныма қуаныштымын әрі мақтан етемін», - деп келтіреді Sky Sports Паулу Бентудің сөзін.

Паулу Бенту Корея құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын пенальти сериясында Жапонияны жеңген Хорватияның ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Хорватия ойыншысы өз елінің рекордын орнатты.

Фото: SAKIS SAVVIDES


Соңғы жаңалықтар
telegram