Қауіпсіз жол: Қызылордада 850 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында екі аптаға созылған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Оған полиция және «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері жұмылдырылды.

жол ережесі
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 7 мыңға жуық өрескел құқықбұзушылық анықталды. 

— Оның басым бөлігінде көлік жүргізушілер қауіпсіздік белдігін тағу және тасымалдау қағидаларын, міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын бұзған, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткен. Рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, жолдың қарсы жолағына шығу, көлік құралын мас күйінде басқару жағдайлары да тыйылмай тұр. Ал 500-ден астам адам жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеген, — деді департаменттің жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Манатов.

Іс-шара барысында 850 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, 747 автокөліктің мемлекеттік тіркеу белгілері алынып, қозғалысы шектелді. 

Қызылорда облысының полиция департаменті бұған дейін «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады

Соңғы жаңалықтар