Қай өңірлерде әлі де мұғалім тапшылығы бар

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрлігі елдегі мектептерде қай пәндер бойынша мұғалімдер жетіспейтінін мәлімдеді. 

оқушы
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Елімізде Ұлттық бірыңғай деректер қоры (ҰБДҚ) мәліметі бойынша педагог кадрларға жалпы қажеттілік 5 370 адам болды. Педагогтер бос орнының ең көп саны Алматы (544), Қарағанды (524), Қостанай (351) облыстарында, Алматы қаласында (431), Атырау (431) облысында байқалды, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Пәндер бойынша ең көп бос орындарға тоқталсақ, бастауыш сыныптарда — 747, математика — 1061, физика — 383, сондай-ақ химия пәні бойынша 345 педагог қажет.

— Бос орындар ағымдағы сипатқа ие және әртүрлі факторларға байланысты. Бұл ретте тұрғылықты жерін ауыстыру, басқа жұмысқа ауысу, бала күтіміне байланысты демалысқа шығу, оқуға немесе шетелдік тағылымдамалар, зейнетке шығу және басқа да себептер әсер етіп отыр, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін ауыл мектебінің педагогтері директор болудан неге қашқақтайтынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум