Қайрат-Нефтчи футбол матчы тікелей эфирде көрсетілмейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубының «Нефтчи» және «Вараждинмен» өтетін бақылау матчтары жабық режимде өтеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Қайрат футбол клубы
Фото: "Қайрат" футбол клубы

Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында команда екі бақылау кездесуін өткізеді.

— Ертең Алматы уақытымен сағат 18:00–де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00–де өтеді. Матчтардың тікелей трансляциясы жоспарланбаған, — делінген «Қайрат» футбол клубы таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын Дастан Сәтпаев Абу-Дабидегі алғашқы жиынға не себепті қатыспайтынын жазғанбыз.

Сонымен қатар «Қайраттың» чемпиондық құрамында қандай өзгеріс бар екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар