Қайрат Нұртаспен жанжалдасқан жолаушы 10 тәулікке қамалды

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен ұшақта жанжалдасқан жолаушыға қатысты істі қарап, қаулы шығарды.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың 4 маусымында Асылбек Бекқайыров Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында Қайрат Айдарбековпен (Нұртас – ред.) жанжал шығарып, арты төбелеске ұласқан.

«Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. А.Бекқайыров өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», - деп жазылған сот хабарында.

Сот отырысында А.Бекқайыров өз кінәсін мойындамаған.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қарастырылған.

«Сот қаулысымен А.Бекқайыров ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады сот.

Айта кетейік, Асылбек Бекқайыров пен Қайрат Нұртас – бұрыннан дос. Жанжалдың басты себебі – әншінің шақырған тойға бармауы.

Бұған дейін Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты Қайрат Нұртастың бұзақылық ісі бойынша қаулы шығарды.

Соңғы жаңалықтар
telegram