«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадион маңында жағдай қалай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бүгін сағат 21:45–те УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтеді.

«Қайрат» — «Реал Мадрид»: Орталық стадион маңында жағдай қалай
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматыда футбол нағыз мерекесі орнады. Орталық стадионға қаланың жан-жағынан ағылған адамдардың қарасы көп. Олардың көпшілігі «Қайрат» футбол клубының және Қазақстанның туын көтеріп жүр. Алматылық команданың жейдесін киіп, шарфын таққан адамдар да аз емес.

Сондай-ақ топ арасында ақ жейделі «Реал Мадрид» жанкүйерлерін де байқауға болады. Испаниялық клубты қолдауға келген адамдар қатарында шетелдік меймандар да, қазақстандықтар да бар.

“Қайрат” - “Реал Мадрид”: Орталық стадион маңында жағдай қалай
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал Орталық стадионның айналасы нағыз фестиваль алаңына айналған. Мұнда дәмханалар, әртүрлі сауда нүктелерін, тіпті осы матчқа билет сатып жүрген адамдарды кездестіруге болады. Стадион есігі 17:45–те ашылғанымен, алаң кіреберісінде әлі де ұзын-сонар кезек бар.

“Қайрат” - “Реал Мадрид”: Орталық стадион маңында жағдай қалай
Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын қарсаңында Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді.

Ойын кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Матч аяқталған соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылады. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелерімен қозғалып, 6 бағытта қатынайды.

Сондай-ақ Алматы метросының жұмысы сағат 01:00–ге дейін ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар