20:21, 05 Қазан 2013 | GMT +5
«Қазақконцерт» әншілері Ақтөбе мен Маңыстау облыстарының тұрғындарын ән-жырмен сусындатпақ
АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің танымал әртістері 6-17 қазан күндері Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарына гастрольдік сапар жасайды.

Ол «Халықты мәдени іс-шаралармен қамту» жобасы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына орай ұйымдастырылып отыр. ҚР Халық әртістері Алтынбек Қоразбаев пен Мақпал Жүнісова, ҚР Мәдениет қайраткері Сүлеймен Ибрагимов және Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Бибигүл Қилымхан мен «Меломен» тобының қатысуымен думанды концерттер 6-12 қазан аралығында Қандыағаш, Байғанин, Алға, Шалқар, Шұбар, Ақтөбе қаласында өтпек. Одан кейін олар оны 12-17 қазан күндері Бейнеу, Жаңаөзен, Ақтау қаласында өткізуді жоспарлап отыр.