Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Грузия мемлекетімен жұмысты бастап кеттік. 2023 жылы біз ол елге бидай да, ет те шығармаған болатынбыз. 2024 жылы олармен қарым-қатынасты түзеп, бидай, сиыр еттерін экспорттадық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 71 млн долларға экспорт жасалды. Бидай мен етті экспорттау бойынша жұмыс биыл да жалғасатын болады, - деді министр Қазақстан және Грузия Үкімет басшыларының келіссөзінен кейін БАҚ өкілдеріне. 

АШМ басшысының айтуынша, биыл бидайдың бағасы былтырғы жылға қарағанда төмен. Сол себепті екі ортадағы логистикаға субсидия төленеді.

- Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік. Олардың жылдық тұтыну қажеттілігі 80-100 мың тонна. Ал ет бойынша, олардың тарапынан қанша сұраныс болса, біз сонша ет жеткізуге дайынбыз, - деді Айдарбек Сапаров. 

Айта кетейік, бұған дейін 20 жыл ішінде ел экономикасына грузиялық инвесторлар қанша қаржы құйғанын жазған едік

Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылы 62 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар