Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 29 млн тоннадан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында ел аумағында көрсетілген көлік қызметінің көлемі 20 пайыз өсім көрсеткенін айтты.

жүк тасымалы, экспорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Жылдың 10 айында көлік қызметтерінің көлемі 20,7 пайыз өсіп, негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,4 пайыз артты. Ал транзиттік жүк көлемі 29,4 млн тоннаға жетті, 5 пайыздық өсім көрсетті, — деді министр.

Оның сөзінше, елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін 13 мың шақырым жол жөнделген.

— Республикалық жолдардың 93 пайызы техникалық жағдайы нормативке сай. Ішкі шекарадағы өткізу пункттері модернизацияланып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу бекетін аяқтау жоспарланып отыр, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін теміржол транзиті 11%-ға артқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар