Қазақстан Ауғанстан мен көрші елдер үшін өңірлік бағдарламаны іске асыруға белсенді қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 18 наурызда Вена қаласында (Аустрия) БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының жыл сайынғы 57-ші сессиясы жұмысының ауқымында Ауғанстан және көршілес елдер үшін өңірлік бағдарлама комитетінің басқарушысының үшінші кездесуі өтті.
None
None

Кеңеске Қазақстан атынан ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов қатысты, деп хабарлады аталған комитеттің баспасөз қызметі.

Комитет төрағасы сөйлеген сөзінде ауған героинінің ағынына қарсы іс-қимылда мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы ақпарат берді. Өңірлік бағдарламаны және оның құқық қорғау қызметіндегі және есірткіге тәуелділіктің алдын алу және емдеудегі өңірлік ынтымақтастықты қамтитын кіші бағдарламаларды іске асыруға Қазақстанның белсенді қатысып отырғанын атап көрсетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау үшін елеулі жұмыс атқаруда.

Нашақорлықтың алдын алу саласында неғұрлым тиімді тәжірибені енгізу жөнінде ұсынымдар әзірленді. Тәуекел топтарымен профилактикалық жұмыс дағдылары бойынша, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты сауалнамалар мен зерттеулер ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты шаралар іске асырылды. Есірткі тұтыну жөніндегі деректерді жинау саласындағы халықаралық стандарттар зерделенді. Прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты арнайы операцияларды өткізуде бірлескен іс-қимылдар жоспарланды.

Өңіраралық және халықаралық байланыстары бар есірткі саудагерлері туралы жедел деректермен ұдайы алмасу қалыптастырылды. Арнайы халықаралық жедел іс-шаралар өткізілді.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) әлеуеті пайдаланылуда, осы Орталықпен бірлесе отырып, бірнеше нәтижелі операциялар өткізілді.

Сонымен бірге А.Выборов сөзінде Батыс және Орталық Азия елдерінде есірткіні тұтынумен байланысты проблемаларды шешу бойынша Өңірлік конференция ағымдағы жылғы 26-27 маусымы аралығында Астана қаласында өткізілуін қолдады.

Еліміздің есірткіге қарсы ведомствосы басшысының пікірінше, кездесу есірткіге қарсы күрес бойынша өңірлік күштерді кеңінен қолдаудың тағы бір қозғаушы күші болып табылады.

Сонымен қатар ол сөзінің қорытындысында аталған Бағдарлама бүгінгі күні БҰҰ ауқымында есірткіге қарсы ынтымақтастықты жандандыру үшін қосымша серпін береді, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндігін ашады, халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша әлемдік қауымдастық күшін уақтылы толықтырады және осы қауіппен бірлесе күресу ісіне маңызды үлес қосады деп атап көрсетті.

БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның сессия жұмысының барысында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Александр Сычевпен, БҰҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы ЖИТС-жұқпасы/АИВ бойынша бас хатшысының арнайы өкілі Мишель Казачкинмен, БҰҰ ЕҚБ Саяси талдау және қоғамдық байланыс департаментінің директоры Жан-Люк Лемаймен кездесті. Кездесулерде ауғандық есірткі транзитінің көлемін бағалау әдістемесі, есірткіге сұранысты қысқарту бойынша одан әрі ынтымақтастықтың перспективасы, нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар