Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысы бар деген күдікпен ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан азаматы халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысы бар деген күдікпен ұсталып, Астана қаласына жеткізілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК

Ведомство мәліметінше, күдікті 2025 жылғы 10 тамызда Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілді.

- Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шыққаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар