Қазақстан азаматы криптовалюта бопсалады деген күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде айында Алматы қаласында шетелдік әріптестерімен бірлесіп, киберқылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

кибершабуыл
Фото: Pexels

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз қол жеткізіп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Кейін зардап шеккен тараптардан деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

- Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін қолданылған заттай айғақтар тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, - деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Қазақстанның қаржы нарығында криптовалюта айырбастайтын ойыншылар пайда болады.

Соңғы жаңалықтар