11:36, 30 Маусым 2023 | GMT +5
Қазақстан азаматы «Қордай» бекетінде 1 келі гашишпен ұсталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматы «Қордай» өткізу бекетінде 1 келі гашишпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«23 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде қызметтік иттің көмегімен шекаралық бақылау жүргізілген. Оның барысында 1 келі гашиш есірткі затын өткізуге әрекеттенген Қазақстан азаматы анықталды.
Одан әрі тексеріс жүргізу үшін ұсталған адам және тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.