Қазақстан бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Ыстамбұлда (Түркия) бадминтоннан халықаралық турнир басталды.
Аталған байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан Арнур Тапишев, Тимур Бурханов, Диана Наменова, Алиса Кулешова қатысады.
Турнирде жалпы, 13 елден 142 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 25 шілдеде аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.