Қазақстан даму банкі жобаларды жүзеге асыруда басқа да ұйымдармен тәуекелдерді бөлісуі қажет - Қ.Келімбетов

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан даму банкі жобаның басым бөлігін қаржыландырмай, коммерциялық банктер тарапынан айтарлықтай бірлескен қаражат тартуы қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан даму банктінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция барысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.

Ең алдымен Қазақстан даму банкі айналма қаржыға бірлескен қаражат алуы қажеттігін баса айтқан министр: «Бұл проблемада өте көп әртүрлі аспекті бар. Дегенмен, шындығында банк барлық тәуекелдерді өзіне жүктемеуі керек. Тәуекелдерді басқа да ұйымдармен бөлісуі қажет және де бұл уақыт көрсетіп отырғандай, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі ең басты элемент шығар», - деді.

Айта кетейік, бүгінгі халықаралық конференцияның мақсаты мемлекеттің бизнесті қолдау мәселелеріне арналып отыр. Атап айтқанда, даму институттарының макроэкономикаға және мемлекеттің инвестициялық ахуалға қосатын үлесі тұрғысындағы шаралар талқылануда. Сонымен қатар, осы алқалы жиынға қатысушылар Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аударуда.

Жалпы конференция жұмысына 250-ден астам адам қатысуда. Оның ішінде мемлекеттік органдардың, халықаралық және қазақстандық даму институттарының, қаржылық мекемелер, тәуелсіз бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр. Мұнымен қоса, шетелдік қонақтар мен спикерлер арасында Қытай экспорттық-импорттық банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық инвестициялық банкі, сондай-ақ, басқа да әлемдік ірі банктердің топ-менеджерлері бар.

Соңғы жаңалықтар