Қазақстан дзюдошылары Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM –Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Әбиба Әбужақынова
Фото: ҚР ҰОК

Финалдық кезеңге дейін қазақстандық дзюдошылардың ешбірі жете алған жоқ. ҚР ҰОК мәліметінше, 30 қарашада Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыстың бастапқы кезеңінде қарсыластарына жол берді.

Осылайша, ұлттық құрама еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар