21:00, 14 Маусым 2025 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған рәсім ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.
Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі саладағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасағанын жазған едік.