14:00, 19 Маусым 2025 | GMT +5
Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 6 медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM – Вунгтауда (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр.

Турнирдің бірінші күнінде отандастарымыз алты жүлдені ел қоржынына салды. Оның үшеуі – алтын медаль.
Атап айтқанда, Азия біріншілігінде Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін) топ жарып, халықаралық додада ел мерейін асқақтатты.
Ал Юсуф Мациев (97 келіге дейін) пен Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Диас Қалтай (82 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске салсақ, бұған дейін грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық жастар 3 алтын еншілегенін жазған едік.