Қазақстан Халықаралық төмен байытылған уран банкін құру келіссөздерін аяқтауға жақын

ГААГА. ҚазАқпарат - Қазақстан өз аумағында Халықаралық төмен байытылған уран банкін құру келіссөздерін аяқтауға жақын. Бұл туралы Гаагада өтіп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан ядролық материалдар қауіпсіздігі индексінде 15-ші орында тұр. Оған саяси әрі экономикалық тұрақтылық, тиімді заңнама мен жемқорлыққа қарсы тұру шаралары мүмкіндік беруде.

Қазақстан Семей ядролық полигонын жауып, қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартқаннан кейін АҚШ және Ресеймен бірлесіп, полигон инфрақұрылымын жойды. Бұрынғы ядролық сынақ кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Елдің ядролық қызметі МАГАТЭ-нің толық қамтылған кепілінде тұр.

«Біз МАГАТЭ-нің Халықаралық төмен байытылған уран банкін құру бастамасын қолдадық және өз аумағымызда орналастыру бойынша келіссөздерді аяқтаймыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар