Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне жетті.
Ойынның 4-минутында қазақстандық хоккейшілер есеп ашты. Екінші кезеңде отандастарымыз тағы үш мәрте көзге түссе, шешуші кезеңде қарсыластар бір-бір шайбадан гол соқты.
Осылайша ел құрамасы қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан - Қытай 5:1 (1:0, 3:1, 1:0)
1:0. 03:04 - Мусоров (Ляпунов, Борисевич)
2:0. 26:23 - Александров (Лихотников, Чапоров)
3:0. 27:52 - Муратов (Старченко, Бойко)
4:0. 31:50 - Гатиятов (Бутенко, Данияр)
4:1. 36:46 - Джен М. (Ван Ц., Хоу Ю.)
5:1. 55:51 - Мұратов (Старченко, Никитин)
Қақпашылар: Пестов - Чен.
Енді отандастарымыз 23 қарашада Жапониямен мұзайдынға шығады.
Айта кетсек, олар бұдан бұрын Оңтүстік Кореядан 4:2 есебімен басым түсті.
Құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлер штабымен бақ сынап жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Қазақстан хоккейінің аңыз ойыншыларының бірі Талғат Жайлауов тағайындалды.