11:13, 09 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Словениядан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы екінші ойынында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.
Матч барысында отандастарымыз бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасымен артта қалып отырды.
Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті 4:4 қылып теңестіре алды. Ал буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.
Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
10 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Франция құрамасына қарсы ойнайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланғанын жазғанбыз.