«Құны – 1 млрд»: Қазақстан-Қырғыз шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM –  ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті.

ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтаған. 

ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған. 

ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Жүк тергелуге қатысты әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар