Қазақстан Қытай экономикасына қалай кіріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасына Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен барды. Осы орайда өткен бір жылдың ішінде Қазақстан Қытай экономикасына қалай кіріккенін шолып көрдік.

Как Казахстан расширяет свое присутствие в Китае
Фото: Үкімет

Сауда-саттық

Былтырдан бері Қазақстан Қытайдың әр өңірімен сауданы дамытып келеді. 2024 жылы Үрімші қаласында «QazTrade» АҚ өкілдігі ашылды. «QazTrade» кеңселері Сычуань мен Хубэй провинцияларында да іске қосылды. Қытай тарапы Шандун провинциясында тағы бір өкілдік құруды ұсынды.

Как Казахстан расширяет свое присутствие в Китае
Фото: Үкімет

2024 жылдың қараша айында Сианда «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ өкілдік кеңсесі жұмысын бастады. Ол Shaanxi baosheng Silk Road Construction Engineering Co Ltd. тәуелсіз серіктесі арқылы жұмыс істейді. Келісім аясында жаңа өкілдік Қазақстанның Қытайдағы инвестицияларын тартуға және жобаларын ілгерілетуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» ресми кеңсесі Бейжіңде жұмыс істейді.

Көлік және логистика

Қазақстан Сианда логистикалық орталығын ашты. Оның құрылысы 2023 жылдың мамырында басталып, 2024 жылдың ақпанында пайдалануға берілді.

Как Казахстан расширяет свое присутствие в Китае
Фото: rail-news.kz

«ҚТЖ» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Сиань қаласындағы терминалдың жобалық қуаты жылына 66,5 мың жиырма фут эквивалентке тең. Ал ауданы — 6,7 гектар. Бұл орталық Қазақстан тауарларын Сианды Қорғас, Алашанькоу және Тачэн портымен тасымалдау, Қытай тауарын Еуропаға жеткізуге септігін тигізеді.

Гуанчжоудағы Бас консулдық

Ынтымақтастықты кеңейту жаңа дипломатиялық алаңдарды да талап етеді. 2025 жылғы мамырда Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы кездесуі аясында Оңтүстік Қытайдың негізгі іскерлік орталығы Гуанчжоуда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы келісімге қол қойылғаны туралы хабарланды.

Как Казахстан расширяет свое присутствие в Китае
Фото: ҚР СІМ

Бұл кеңсенің қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Қазір Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі, Шанхай мен Сиандағы бас консулдықтары, сондай-ақ Үрімші қаласындағы паспорт-визалық қызмет қазақстандықтарға көмек көрсетеді.

Мәдени-гуманитарлық жобалар

2025 жылдың маусым айында Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығы ашылды. Мұнда кітапхана, көрме және конференция залдары, шығармашылыққа, қолөнерге және қазақ тілін үйренуге арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ, Қытай аудиториясына арналған концерттер, көрмелер, кино көрсетілімдері, фестивальдар мен дәрістер өтеді.

Как Казахстан расширяет свое присутствие в Китае
Фото: Үкімет

Бұған дейін Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық байланысқа шолу ұсынған едік. 

Соңғы жаңалықтар