Қазақстан қор биржасында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге арзандап, 545,67 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 547,57 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 544,98 теңгеден сатып алынады, 547,15 теңгеден сатылады. Еуро 635,99 – 641,44 теңге, ал рубль 6,48 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,81 теңгеден сатып алынады, 78,49 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 542,67 теңгеден сатып алынады, 548,66 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 634,66 теңге, сату - 642,64 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,50 теңге, сату - 6,65 теңге.
- юань: сатып алу - 76,30 теңге, сату - 80,02 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап, 547,57 теңге болды.