Қазақстан қор биржасында доллар бағамы өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар, тенге, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 519,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 518,66 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 519,82 теңгеден сатып алынады, 521,75 теңгеден сатылады. Еуро 598,85 — 603,24 теңге, ал рубль 6,48 — 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,68 теңгеден сатып алынады, 76,18 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 520 теңгеден сатып алынады, 522,99 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 599 теңге, сату — 604,07 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,57 теңге.
— юань: сатып алу — 74,62 теңге, сату — 78,77 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 518,66 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар