Қазақстан қор биржасында доллар бағамы сәл өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

валюта
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге қымбаттап, 511,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 510,18 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,79 теңгеден сатып алынады, 515,29 теңгеден сатылады. Еуро 600,38 — 605,58 теңге, ал рубль 6,41 — 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,59 теңгеден сатып алынады, 75,25 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 510,50 теңгеден сатып алынады, 517,50 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 601,49 теңге, сату — 611,49 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 72,85 теңге, сату — 76,96 теңге.

Еске салайық, 23 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,98 теңгеге арзандап, 510,18 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар