Қазақстан қор биржасында теңге бағамы көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Число долларовых миллиардеров в мире достигло рекордного уровня
Фото: arbyreed / Flickr / CC BY-NC-SA 2.0

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге арзандап, 519,61 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 522,38 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 516,93 теңгеден сатып алынады, 519,94 теңгеден сатылады. Еуро 605,77 – 611,64 теңге, ал рубль 6,47 – 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,89 теңгеден сатып алынады, 75,69 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 514,55 теңгеден сатып алынады, 521,60 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 601,72 теңге, сату - 611,72 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 73,06 теңге, сату - 77,17 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап, 522,38 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар