Қазақстан қор биржасында теңге нығая түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

курс валют. валюта, доллар, тенге
Коллаж: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,94 теңгеге арзандап, 505,71 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 506,70 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 505,76 теңгеден сатып алынады, 508,05 теңгеден сатылады. Еуро 590,59 – 595,05 теңге, ал рубль 6,51 – 6,63 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,71 теңгеден сатып алынады, 76,52 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 504,01 теңгеден сатып алынады, 511,01 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 589,97 теңге, сату - 599,97 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

- юань: сатып алу - 74,28 теңге, сату - 78,20 теңге.

Еске салайық, 21 қаңтар Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге арзандап, 506,70 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар