Қазақстан кубогында «Қайрат» пен «Атырау» тең ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кубогында «Қайрат» пен «Атырау» тең ойнады
Фото: fckairat.kz

Екі ойынның бірінде «Қайрат» Алматыда «Атыраумен» кездесті.

Ойын барысында алаң иелері алғашқы болып есеп ашты. Кездесудің 12-минутында Вячеслав Швырев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев өз қақпасына гол соғып алды.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Тағы бір ойында қостанайлық «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» жеңіп кетті.

Кездесуде қостанайлық клубтан Игорь Сергеев 48-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 87-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойыны басталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» елордада «Тұраннан» басым түсті.