Қазақстан кубогында «Тұран» «Каспийді» қапы қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лигада ойнайтын түркістандық «Тұран» Қазақстан кубогы ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан кубогы 1/8 финалындағы тағы бір кездесу «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасты.
Бірінші ойында түркістандық клуб 1:0 есебімен басым түскен еді.
Ойынның 47-минутында ақтаулық командадан Думан Нәрзілдаев мергендік танытты. Осының нәтижесінде екі ойынның нәтижесі теңесті.
Осылайша ойын овертаймға ұласты. Овертаймның 96-минутында «Тұран» сапынан Нұрғайни Бөрібаев гол соқса, Рифат Нурмугамет 118-минутта түркістандық клубты алға шығарды.
Осылайша «Тұран» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде ширек финалға шықты.
Дәл қазір «Ақжайық» (Орал) пен «Қайрат» (Алматы) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп 0:0.
Ал 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Ал 29 сәуірде «Шахтер», «Қызылжар», «Атырау» және «Ордабасы», «Тобыл» командалары ширек финалға жолдама алды.
Қазақстан кубогында 17 мамыр мен 7 маусым күндері 1/4 финал ойналса, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал болады.
Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.