Қазақстан құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы U19 санатында «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас санатындағы эстафеталық жарыста ерлер құрамасы екінші қола жүлдені ел қоржынына салды.

«Боулдеринг» бәсекесінде Кымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Лейла Геккеева Виктория Ильницкая, Амира Қайсар 19-орын, Яна Войтович 23-орыннан көрінді.

«Қиындық» сайысында Глеб Семешкин 18-орын, Евгенний Ким 22-орын, Матвей Павлов 24-орынға табан тіреді. Әйелдер бәсекесінде Виктория Ильницкая 16-орын, Лейла Геккеева 17-орын, Яна Войтович 18-орын, Амира Қайсар 20-орынға тұрақтады.

Ал «жылдамдық» бағдарламасында Роман Курассов тоғызыншы орынға ие болды. Рашид Хайбуллин 10-орынға тұрақтаса, Әлихан Татамбай 11-орын, Дмитрий Ананьев 14-орыннан көрінді. Ал әйелдер арасындағы сайыста Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орынға ие болды. Арина Новицкая 9-орын, Виктория Ильницкая 13-орын, Ралина Абдулова 14-орынға табан тіреді.

Ал U17 жас санатындағы «боулдеринг» сайысында Егор Некрещенный 13-орын, Евгенний Корнеев 18-орын алды. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 24-орынға тұрақтады.

«Қиындық» бағдарламасында Евгенний Корнеев 18-орын, Егор Некрещенный 21-орыннан көрінді. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 27-орынмен жарысты аяқтады.

Ал «жылдамдық» санатында Давид Кононов 12-орын, Арсений Тен 15-орын, Вадим Сагинтаев 19-орынға жайғасты. Әйелдер құрамасының сапында Таиссия Носкова 14-орын, Амели Асқарова 17-орын, Анастасия Андриенко19-орын, Анастасия Выродова 21-орынмен жарыста аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында үш рет үздік ондыққа енгенін хабарлаған едік.