Қазақстан-Люксембург футбол матчына төрешілер белгіленді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. 

төреші
Фото: PIxabay

Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.

Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл жарыста сырт алаңда Люксембург Грузияға 0:2, Қазақстан Грекияға 0:5 есебімен жол берді.

Айта кетсек, Люксембург Қазақстан құрамасының Еуропа құрлығындағы 43-ші қарсыласы болады.

Әзірге қазақстандық футболшылар ересектер арасында Болгария, Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Норвегия, Солтүстік Македония, Уэльс және Швейцария құрамаларымен ойнаған жоқ.