Ел мегаполистерінде алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы күндері еліміздің көп өңірінде күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астана
29 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы –2...–4°, күндіз +11...+13°.
30 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 5-10 м/с. Түнде –2...0°, күндіз +13...+15°.
31 қазанда – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +2...+4°, күндіз +12...+14°.
Алматы
29 қазанда – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел батыстан, 3-8 м/с. Түнде +7...+9°, күндіз +15...+17°.
30 қазанда – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде +7...+9°, күндіз +15...+17°.
31 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде +8...+10°, күндіз +17...+19°.
Шымкент
29 қазанда – ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 8-13 м/с. Түнде +8...+10°, күндіз +19...+21°.
30 қазанда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 8-13 м/с. Түнде +8...+10°, күндіз +23...+25°.
31 қазанда – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +9...+11°, күндіз +24...+26°.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік өңірлерінде түнгі суық күшейе түссе, оңтүстікте жылы әрі ылғалды ауа райы сақталады.
Айта кетейік, бұған дейін найзағай ойнап, жел күшейетіні хабарланды.