12:24, 07 Ақпан 2017 | GMT +5
Қазақстан мектептеріндегі әрбір сыныпқа Wi-Fi орнатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің әрбір сыныбына Wi-Fi орнатпақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде интернет мектептердің басым бөлігіне тартылуда. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында осы мәселе шешілмек. Алайда, әр сыныптағы ішкі Wi-Fi желісі де маңызға ие. Біз қысқа мерзімде Қазақстанның барлық мектептерінде құрылымдалған кабельді жүйені қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді Сағадиев.
Осы орайда ол бұл жабдықты жергілікті атқарушы органдар сатып алуы тиіс екенін жеткізді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстарға қомақты қаржы қажет емес көрінеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым министрі мектептерде әрбір оқушыны жеке шкафпен қамтамасыз етпек.