Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің жартысы Кембридж бағдарламасы бойынша біліктіліктен өтеді

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің жартысы Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті бірігіп жасаған жүйе бойынша біліктілігін арттырады.
None
None

Бұл туралы бүгін өтіп жатқан «Қазақстандағы адами капитал: жағдайы және өсу жолдары» атты халықаралық ғылыми-конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

«Орта білім беру саласында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті бірігіп жасаған біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін енгізгеніміз маңызды қадам болды. Бұл жүйе қазірде өз жұмысын бастады. Бес жылдың ішінде одан ел мұғалімдерінің жартысына жуығы өтетін болады», - деді Б. Жұмағұлов.

Айта кетейік, аталмыш конференция Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық бизнес университетінің президенті Кенжеғали Сағадиевтің 75 жылдығына арналып отыр. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Келімбетов, сондай-ақ, бірқатар министрлер, парламент депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар