Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий дәлізінің әлеуетін дамытуда

Делегация құрамына «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Құрық порты» ЖШС, «ТХКБ» халықаралық қауымдастығы, «SEMURG INVEST» ЖШС, «PTC Holding» ЖШС, «Казцинк» ЖШС және басқа ұйымдардың өкілдері кірді.

Сапар аясында министр Марат Қарабаев пен Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиевпен кездесу өткізді. Олар орта дәліз аясында жүк тасымалдаудың және логистиканы жолға қоюдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) әлеуетін жоғары бағалай отырып, осы тұрғыдағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілігін растады. ТХКБ-ның тар жерлерін жою бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар қазақстандық делегация бірқатар нысанның, соның ішінде Баку Алят халықаралық сауда портының, Говсан портының, Баш-Алят теміржол станциясының, Баку кеме жасау зауытының, Абшерон логистикалық орталығының, Баку теміржол жолаушылар вокзалының жұмысымен танысты.

