Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы Ақорданың бапсасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді. 

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына жәнебауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.

Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Бұдан бұрын Қазақстан Президентінің атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келгенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар