Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 20 қазан күні сағат 13:34-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Каzinform. 

Қырғызстан
Фото: ашық дереккөз

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.

Магнитудасы MPV 4.9.

Жер сілкінісінің координаттары - 43,07° c.e. 74,77° ш.б.

Тереңдігі – 20 км.

Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Соңғы жаңалықтар