Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайта түспек

Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі аясында Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 3 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

туризм
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Меморандум Алматы облысының туризм басқармасымен Ташкент және Джизак облыстарының тиісті ведомстволары арасында жасалды.

Мұнымен бірге, Қазақстан рестораторлар клубы қауымдастығы мен Өзбекстан аспазшылар қауымдастығы арасында ынтымақтастық орнады.

Аталған меморандумдар өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге ықпал етпек. Яғни, туристер санының артуы мен оларға көрсетілетін қызметтер сапасының жақсаруына және гастрономиялық туризмнің дамуына серпін бермек.

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан мен Қытай виза талаптарын өзара оңтайландыру мүмкіндігін талқылап жатқанын жазып едік.

Соңғы жаңалықтар