Қазақстан мен Ресей жетінші Каспий саммитін Иранда өткізу бастамасын қолдады

МӘСКЕУ. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Мәскеуге ресми сапары аясындағы кездесуде Каспий теңізіндегі бірлескен жұмыстар талқыланды.

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық бірінші отырысын өткізу туралы
Фото: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен Ресей министрлері келер жылы Каспий саммитін Иран астанасында өткізу бастамасын қолдады.

— Бүгінгі кездесуде Каспийдегі бірлескен жұмысқа деген сұраныстың сақталғанын және тіпті артып келе жатқанын атап өттік. Каспий маңындағы бес мемлекет теңізге қатысты мәселелерді шешуде айрықша құзыретке ие, өңірдегі орнықты даму, ондағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты деген пікірге тоқтадық. 2026 жылғы 12 тамызда Тегеранда жетінші Каспий саммитін өткізу туралы ирандық ұсынысты оң деп санаймыз. Бұл Каспий күні болып саналады, — деді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесу қорытындысы бойынша брифингте.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Сонымен қатар Сергей Лавров Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапары халықаралық ауқымдағы оқиға екенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар