Қазақстан Нидерландыдағы Ядролық қауіпсіздік Cаммитін табысты өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын

 АСТАНА.  1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін  Астанада ҚР Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаевтың
None
None

Нидерланды Парламенті Сенатының экс-президенті, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының экс-төрағасы және қазіргі сенаторы Рен ван дер Линденмен кездесуі өтті. Онда  әлемдегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы әңгіме  болды.

 «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да дана шешімімен Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, таратпау мен ядролық қауіпті төмендету саласындағы өзінің көшбасшылығын алда да бекітетін болады. Бұған дәлел - біздің мемлекеттің басшысының жаңа халықаралық бастамалары. Осы мәселедегі Нидерланды ұстанымын назарға ала отырып, біздің елдеріміз жаһандық қауіпсіздік саласында үйлестірілген әрі белсенді ынтымақтаса алар еді. Біздің осындай ортақ жұмысымыздың жарқын дәлелі ретінде 2011 жылы қыркүйекте Гаагада өткен «Ядролық дилемма: бүгіні мен болашағы» конференциясы болды және Қазақстан Нидерландыдағы 2014 жылы наурыздағы Ядролық қауіпсіздік саммитін табысты өткізу үшін жан-жақты қажетті қолдауды көрсетуге де дайын», - деп атап өтті кездессу барысында  Қ.Саудабаев.

Өз кезегінде Р. Ван дер Линден жаппай қырып-жою қаруын таратпау барлық адамзаттың маңызды мәселесі және «бүгінгі әлемде біз жетістікке жету үшін бірге күресуіміз керек, өйткені мұндай қаруды шығаратын немесе иеленуге ұмтылатын елдер бар» екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жүздесуде «Назарбаев орталығының» директоры сұхбаттасушысын Қазақстанның таратпау саласындағы жаңа бастамалары, оның ішінде жуырда Президент Н.Назарбаев жариялаған «АТОМ» жобасы туралы да хабардар етті. Сұхбаттасушылар осы байланыстың ынтымақтастығын нығайтудағы алдағы жоспарларды да талқылады.

Еске салсақ, Батысеуропалық елді аймақтағы басты саяси және экономикалық әріптестің бірі ретінде санай отырып, Қазақстан Нидерландымен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше мән береді. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына қыркүйекте 20 жыл толып отыр. Тараптардың атап өткеніндей, осы уақыт аралығында әріптестіктің барлық бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар