Қазақстан оқушылары PISA тестін тапсыруды бастады

Осы жылғы 6 қарашадан 15 желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздегі 1000 мектебінде «PISA-based Test for Schools (Мектептерге арналған PISA)» халықаралық зерттеуі өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Мыңнан астам білім алушы президенттік стипендия иегері атанды
Фото: Kazinform

Мектептерге арналған PISA-ға еліміздің барлық аймағынан 54 мыңнан астам 15 жасар оқушы қатысады.

Зерттеу PISA дәстүрлі зерттеудің әдіснамасына негізделген және мектептің білім жетістіктерінің жан-жақты көрінісін қалыптастыра отырып, оқу, математика мен жаратылыстану ғылымдары сынды функционалды сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды.

«3 жылдық циклды құрайтын негізгі PISA-дан мектептерге арналған PISA-ның айырмашылығы — ол жыл сайын өткізіледі және әрбір жекелеген мектеп деңгейінде нәтижелерді талдауға, жақсартуға болатын нақты бағыттарды анықтайтын жеке есеп алуға мүмкіндік береді. Жан-жақты толықтырылған есепті мектеп әкімшілігі білім сапасын арттыру стратегиясы мен бағдарламаларын әзірлеуге пайдалана алады», — дейді Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Абылканова.

Еске салайық, мектептерге арналған PISA-ны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Organization for Economic Cooperation and Development) өткізіп жатыр.

2022 жылғы мектептерге арналған PISA қорытындысы бойынша 1000 білім беру ұйымы 428 жеке және 172 топтық есеп алды.

Атап өтейік, бүгінде зерттеу әлемнің 14 елінде жүргізіледі.

Оның ішінде Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Испания, Қытай елдері бар.

Зерттеу тек білім мен дағдыларды ғана бағалауға емес, сонымен қатар елдегі және әлемдегі басқа қатысушы мектептермен салыстырғанда оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар