Қазақстан полициясы күні Ақмола облысының тәртіп сақшылары марапатталды

Жиында ақмолалық тәртіп сақшыларының ерен ерліктері аталып өтілді. Шараға қатысушылар қоғамның тыныштығын, халықтың қауіпсіздігін сақтау жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты шарада сөз алған облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова жауапты қызметте полицейлерге сәттілік тіледі.
«Тәуелсіздік алғалы ел тыныштығы жолында Қазақстан полициясы жиырма төрт жыл қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде құқық қорғау саласы айтарлықтай дамыды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәртіп сақшыларына келелі міндет жүктеп отыр», - деді Айна Мысырәлімова.
Мерекелік шарада бір топ тәртіп сақшылары еліміздің ішкі істер министрлігі мен облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хаттары және наградаларымен марапатталды.